Ресейлік футболшылардың тәлімгері Хиддинк жылына «таза» 7 миллион еуро алады

деп хабарлады Ресейдің футбол одағының бас директоры Алексей Сорокин «Советский спорт» газетіне берген сұхбатында.
«Оңтүстік Африка Республикасында өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысты келісімшартты айтатын болсақ, Хиддинк жылына 7 миллион еуро («таза») ақы алады», деп жазады басылым Сорокиннің сөзіне сілтеме жасап.
Голландық маманның жалақысын, Сорокиннің айтуынша, Ресейдің футбол одағы емес, «қормен қайырымдылық туралы шарт жасасқан «Ұлттық футбол академиясы» қоры төлейді.
Сорокин, сондай-ақ Хиддинкпен келісімшарт «2010 жылдың жазына дейін жасалғанын және оның кезеңі әлем чемпионатының мерзімін де қамтитынын» хабарлады. Одақ басшысы сондай-ақ, шартта нәтиже үшін де жауапкершілік қарастырылғанын айта келіп, егер ресейліктер әлем чемпионатына бара алмаса, Хиддинктің «бонус алмайтынын» жеткізді.
Ресей құрамасы іріктеу турнирінде Германиядан жеңіліп, түйісу ойындарында әлем чемпионатының жолдамасын Словенияға (2:1,0:1) қолдан беріп алды.