Ресейлік «Гарант несие» тұтынушылық қоғамының аймақтық орталығына алаяқтық жасады дегенге күдік тағылып отыр - Павлодар
ПАВЛОДАР. 3 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың қаржы полициясы «Гарант несие» тұтынушылық қоғамының жетекшілеріне қатысты ірі көлемде алаяқтық жасаған деген қылмыстық істі тексеріп жатыр, деп хабарлайды Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті.
Мәскеуде тіркелген қоғам 2003 жылдың наурыз айында Павлодарда өздерінің аймақтық орталығын құрады.
Тергеу барысында қоғам «қаржы пирамидасы» ұстанымы бойынша жұмыс істегені анықталды. Құрылым мүшелері жеке инвестиция құйды деген жолмен бастықтар оған мүше Қазақстан және Ресей азаматтарының ақшаларын жымқырып отырған.
Осы жүйелі құрылымға қатысып, зардап шеккен адамдар болса, қаржы полициясы Павлодар облысы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне келулерін сұрайды.