Ресейлік ғарышкерлер ашық ғарышқа шықты

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Ресейлік ғарышкерлер Олег Котов пен Максим Сураев бүгін ашық ғарышқа шықты,

Ресейлік ғарышкерлер ашық ғарышқа шықты

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Олар халықаралық ғарыш стансысының ресейлік сегментінің сыртқы үстіңгі бөлігінде - модульдер, радиотехникалық антенналар жүйелері арасындағы байланыстың кәбілдік жүйелерін орналастыру жұмыстарын жүргізеді және басқа да қосымша тапсырмаларды орындайды.

Котов пен Сураевтың халықаралық ғарыш стансысының бортынан тыс болу ұзақтығы 5 сағат 40 минөтті құрайды.