Ресейлік маман қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының бас жаттықтырушысы болды

ҚАРАҒАНДЫ. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Ресейлік маман Евгений Зиновьев қарағандылық «Сарыарқа» хоккей командасының бас жаттықтырушысы болды.
None
None

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Сарыарқа» хоккей клубы құраманың жаңа бас жаттықтырушысына лайықты үміткерді анықтады. «Сарыарқа» ХК басшылығы бас жаттықтырушы лауазымына ресейлік маман Евгений Зиновьевті тағайындады», - делінген таратылған хабарламада.

Е. Зиновьев соңғы үш маусымда Орск қаласының (РФ) «Оңтүстік Уралын» басқарды.

Соңғы жаңалықтар