Ресейлік отандастардың конгресіне әлемнің 90 елінен делегаттар жиналады

МӘСКЕУ.  Қарашаның 20-сы.  ҚазАқпарат /Арнұр  Рахымбеков/ - Ресейлік  отандастардың конгресі     әлемнің   90 елінен келетін  делегаттардың    басын қосқалы   отыр.

Ресейлік  отандастардың конгресіне    әлемнің   90 елінен   делегаттар  жиналады

 Бұл туралы    Ресей Сыртқы  істер министрлігінде  өткен  баспасөз  мәслихатында    отандастармен жұмыс    жөніндегі  департаменттің    директоры   Александр  Чепурин      хабарлады.

 Конгреске     барлығы  1 мыңдай делегат  келеді  деп күтілуде  және   олардың  жұмыстары  тақырыптық секцияларға  бөлінеді.

 А.Чепуриннің  айтуынша,       конгреске Қазақстанның  орыс  диаспорасының  өкілдері   қатысады.  Кеңесте   талқыланатын   өзекті  мәселелердің бірі -  Ресейде  тіркелу амалдарын  оңтайландыру жайы, сондай-ақ    ресейлік  отандастардың  қоныс аудару   бағдарламасының   кейбір аспектілері  болмақ.