Ресейлік «Продэкспо-2009» көрмесіне Қазақстан өнімдері де қатысуда

МӘСКЕУ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Мәскеуде ашылған «Продэкспо-2009» көрмесінде алғаш рет қазақстандық өнімдер таныстырылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осымен 16 жыл қатарынан өткізіліп отырған «Продэкспо-2009» халықаралық көрмесі Тәуелсіз мемлекеттер достастығының аймақтық нарығын дамытудың басты бағыттарын анықтаушы ірі азық-түлік форумы деген беделге ие. Биылғы көрмеге әлемнің 57 елінен 1850-ден астам компания қатысуда. Қазақстан павильоны «Экспроорталықтың» ең үлкен алаңын алып отыр. 20-дан астам отандық компания келушілердің назарына азық-түлік және өңдеу өнеркәсібінің 1 мыңнан астам тауарларын ұсынды. Қазақстандық өнімдер көрмеге келушілердің ерекше ықыласын аударып отырғанын айта кету керек. Әлемдік экономикадағы қиыншылықтарға қарамастан, қазақстандық тамақ өнеркәсібі жаңа өткізу рыноктарын іздестіруде. Қазақстандық азық-түлік тауарларын өндірушілер мен өңдеуші өнеркәсіптер одағы ресейлік көрмеге 11 компанияны әкелді.
Соңғы жаңалықтар