Ресейлік шекарашылар Атырау аумағымен өткен вагоннан 4 келіден астам героин тапты

АТЫРАУ. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Астрахандық шекарашылар Атыраудан өткен «Куляб-Мәскеу» жолаушылар құрамының вагонынан героин тапты.
None
None

«Ресейлік шекарашылар 4 келіден астам жоғары сұрыпты героинды екі вагонның тамбурынан тапты. Есірткілер Ресей Федерациясының аумағына пластик құтыларда тасымалданбақ болды. Вагондардың бірінде есірткіге еліткен жолсерік қолға түсті», - деп мәлім етті Ресейдің есірткі айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызметінен.

Еске салайық, ресейлік шекарашылар 28 қаңтар күні өз аумақтарына 27 келі есірткіні өткізудің жолын кесті. Онда да жолаушылар құрамы РФ шекарасында қазақстандық шекара бекеті арқылы өткен еді.

Соңғы жаңалықтар