Ресейлік шекарашылар аюлардың 500 табанын құтқарып қалды
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат - Шекара қызметінің қызметкерлері қара және Гималай аюларының 500 табанын Қытайға контрабандалық алып өту әрекетінің алдын алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Еврей автономиялық облысында орын алды. Хабаров өлкесі және Еврей автономиялық облысы бойынша шекара басқармасының хабарлауынша, бұл жүкті екі қытайлық және бір ресейлік азамат алып жүрген, олардың бәрі де ұсталды.
Қазір құнды жүктің тапсырыс берушісі анықталуда. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.