Ресейлік «Трансаэро» ұшағы қонған кезінде доңғалағы жарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу - Тель-Авив бағытымен ұшқан ресейлік "Трансаэро" әуе компаниясының Boeing-737 жолаушылар ұшағының Бен-Гурион әуежайына қонуы кезінде доңғалағы жарылған.
None
None

"Гаарец" газетінің электрондық нұсқасы хабарлағандай, жапа шеккендер жоқ.

Белгілі болғандай, бастапқыда диспетчерлер шассидан шығып жатқан түтінді аңғарған. Кейін ұшаққа өрттің алдын алу үшін техникалық мамандар тобы мен төтенше жағдайлар бригадасы жөнелтілді.

Лайнер бортында 129 адам болды, олардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылып, әуежай терминалына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар