13:29, 02 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ресейліктердің үштен екісі, КСРО Екінші дүниежүзілік соғыста одақтастардың көмегінсіз де жеңе алатын еді деп санайды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейліктердің 63 пайызға жуығы, КСРО Екінші дүниежүзілік соғыста одақтастардың көмегінсіз де жеңе алатын еді деп санайды. Дейтұрғанмен, бұлай деп санайтын респонденттердің саны,
2001 жылмен салыстырғанда, 8 пайызға қысқарған. Қоғамдық пікірді зерттеудің бүкілресейлік орталығының зерттеулерінде осындай мәліметтер келтіріліп отыр.
Керісінше, басқа елдердің көмегінсіз жеңістің мүмкін болмайтындығы туралы пікірді респонденттердің 23 пайызы қолдауда. Ал бұл сауалға жауап беруге қиналғандардың үлесі соңғы жылдары 7 пайыздан 15 пайызға өскен.
Сауалнама сондай-ақ, респонденттердің 87 пайызы, Екінші дүниежүзілік соғысқа негізгі үлесті КСРО қосты деп санайтынын көрсетіп отыр.