Ресейлік альпинист қалып қойған Қырғызстан тауларына дрон жіберілмек

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейлік азаматшаға көмек көрсету және оны іздеу бойынша құтқару операциясы ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған болатын, деп жазды ТАСС агенттігі.

Ресейлік альпинист қалып қойған Қырғызстан тауларына дрон жіберілмек
Фото: yandex.kz

25 тамыз күні Ресей Альпинизм федерациясы ресейлік альпинист Наталья Наговицина орналасқан жерге дрон жіберілетінін хабарлады.

Бұған дейін Наталья Наговицинаны іздеу және құтқару жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылған еді.

— Наговицина жатқан жерге 25 тамыз күні дрон жіберуге тырысамыз, — деді ТАСС агенттігіне сұхбат берген дереккөз. — Болжам бойынша, ауа райы қолайлы болады деп күтіледі. Бұл дронды Натальяға жіберіп, оның жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Ресейлік альпинистті Жеңіс шыңынан (пик Победы) эвакуациялау мүмкін еместігі белгілі болды. Наговицина аяғын сындырып, қозғала алмайтын жағдайға түскен. Ол 12 тамыздан бері теңіз деңгейінен шамамен 7 200 метр биіктікте, Жеңіс шыңындағы шағын алаңда қалып қойған. Бірнеше жүз метр төменіректе оның тобында болған және жарақат алғаннан кейін оған көмектеспек болған италиялық альпинистің денесі табылған.

Ал Швецария мен Италияның шекрасында 4000 метр биіктікте қалып қойған неміс альпинистері құтқарылған еді.

Соңғы жаңалықтар