Республика аумағында барлық автомобиль жолдары ашық - Көлік және коммуникация минстрлігі

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 9 қаңтар күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, республика аумағында барлық автомобиль жолдары ашық.
None
None

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігі хабарлайды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, ауа-райының қолайсыздығынан бұдан бұрын жабық болған «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» автожолының «Ембі - Щалқар» (92-257 км) учаскесінде көлік жүрісі қайта жанданды. Алайда, министрлік өкілдері автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша, жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салу қажеттігін ескертеді. Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында көлік жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар