17:34, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Республика даңғылынан вокзалға дейінгі бағытта көлік қозғалысына шектеу қойылады - Жол полициясы
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Жол полициясы басқармасы бүгін кешке асфальтті қайта салуға байланысты вокзал бағытындағы көлік қозғалысына шектеу қойылатынын хабарлады.

Әсіресе, Республика даңғылының Ақмола көшесінен Иманов көшесіне дейінгі вокзал бағытындағы жолда қозғалыс шектеледі.
Сондай-ақ жол қыртысының жылымдарын жөндеуге байланысты Жеңіс даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысында да қозғалысқа шектеу қойылады.
Жол полициясы автосүйер қауымды уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарап, айналма жолдарды алдын-ала ойластыруды сұрайды.