Республика күні: Көкшетауда Ұлттық ұланның жаңа казармасы ашылды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінде заманауи жаңа казарманың ашылуы өтті.

Ұлттық ұланның казармасы
Фото: Оксана Матасова/Kazinform

Бұл оқиға жеке құрам үшін маңызды кезең және бөлімше дамуының жаңа кезеңінің символы болды.

Салтанатты шараға Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков пен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

Ұлттық ұланның казармасы
Фото: Оксана Матасова/Kazinform

Салтанатты шара казарма ғимаратының жанына шырша отырғызудан басталды. Акцияға келген қонақтар да қатысып, ұрпақтар сабақтастығын, дәстүрді қастерлеуді тілге тиек етті.

воинская часть казарма Кокшетау
Фото: Оксана Матасова/Kazinform

Облыс әкімі Марат Ахметжанов өз сөзінде биылғы жыл бөлімше үшін ерекше екенін, өйткені оның құрылғанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті.

— Осы жылдар ішінде бөлімше қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сенімді тірегіне айналды. Сіздің адал қызметіңіз, кәсіби шеберлігіңіз және жанқиярлығыңыздың арқасында облыс тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінеді. Төтенше жағдайларда, өрт немесе су тасқыны кезінде де талай рет көмекке келдіңіздер, — деп атап өтті әкім.

воинская часть казарма Кокшетау
Фото: Оксана Матасова / Kazinform

Марат Ахметжанов көктемгі су тасқыны кезінде әскерилердің Көкшетауды қорғауға қосқан үлесіне ерекше назар аударды. 5510 бөлімінің сарбаздары Қылшақты өзені бойындағы қорғаныс бөгетін салуға және нығайтуға атсалысты. Бұл қираудың алдын алуға, қаланы су тасқынынан сақтап қалуға мүмкіндік берді.

воинская часть казарма Кокшетау
Фото: Оксана Матасова / Kazinform

Ерен еңбектері үшін ерекше көзге түскен әскери қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды. 2-ші жедел батальон командирі Ерлан Сахмедов пен оның орынбасары Валерий Осколков Рахымжан Қошқарбаев атындағы мерейтойлық төсбелгімен марапатталды. Жахангир Бабаханов пен Абзал Мэлс «Қоғамдық тәртіпті қорғағаны үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

воинская часть казарма Кокшетау
Фото: Оксана Матасова / Kazinform

Шарадан кейін қонақтар казарманың ішін аралап, жеке құраммен әңгімелесіп, әскери қызметкерлерді кәсіби жетістіктерімен және алдағы мерекемен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар