Республика күніне орай Президент атынан мемлекеттік наградалар табыс етілді

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Республика күніне орай Премьер-министр Олжас Бектенов еңбек ардагерлеріне, теміржол, тау-кен металлургия, энергетика, медицина, білім, ғылым салалары қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етті.

 Республика күніне орай Президент атынан мемлекеттік наградалар табыс етілді
Фото: Үкімет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін марапатталғандар:

«Парасат» орденімен

· Байкәрім Төтенов – еңбек ардагері, Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің профессоры;

· Арман Жұмабеков – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің аппарат басшысы;

· Сәкен Қаныбеков – Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы;

· Әлимұхаммед Құттұмұрат-ұлы – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ аппарат басшысы;

Премьер министр
Фото: primeminister.kz

«Құрмет» орденімен

· Ербол Раев – «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе бөлімшесі филиалының Жем локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі;

· Ғани Қарасаев – Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» РММ бөлім басшысы;

· Қасым Тілепов – Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары;

· Ержан Біржанов – қаржы вице-министрі;

· Нұрбол Тұрсынбаев – Астана қаласы әкімдігі № 2 қалалық көпсалалы ауруханасының директоры;

· Талғат Ешенқұлов – ғылым және жоғары білім вице-министрі;

· Ботагөз Жақселекова – әділет вице-министрі;

· Ерболат Ыбырайханов – су ресурстары және ирригация вице-министрі;

· Дәурен Кеңбейіл – қаржы вице-министрі;

· Дияс Азбергенов – «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;

· Жәнібек Тайжанов – көлік вице-министрі;

· Дәурен Темірбеков – қаржы вице-министрі;

· Нұркен Шарбиев – экология және табиғи ресурстар вице-министрі;

· Азамат Кәрімов – Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысы;

· Дәурен Қазантаев – Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы;

· Салтанат Томпиева – Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы;

· Талғат Тұрлыбаев – «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;

· Арман Кенжеғалиев – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарма төрағасы;

· Күләш Маханбетова – Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары – бас бухгалтер;

· Гүлмира Ахметтаева – Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары;

· Айгүл Әлиақпарова – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;

· Арман Қасенов – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры.

Премьер министр
Фото: Үкімет

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

· Сырым Нұрберді – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы сорғы стансасының машинисі;

· Серғазы Мырзағалиев – «QazaqGaz Onimderi» ЖШС Қызылорда өндірістік филиалы Қызылорда көлік учаскесі автокөлік кранының машинисі;

· Мұрат Жұмәліков – «Богатырь Көмір» ЖШС БЖКБ тарту агрегатының машинисі;

· Игорь Кирилин – «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС Гидроэлектр станциясының ауысым басшысы;

· Жаннұр Балмағанбетова – «University Medical Center» Мейірбике ісі департаменті Клиникалық базасының амбулаториялық хирургия бөлімінің медбикесі;

· Олжас Сапарбеков – өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі;

· Ерлан Әушәріпов – Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісі;

· Ілияс Төлесов – Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісі;

· Дархан Мырзабаев – Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісі;

· Серік Әшіров – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы;

· Арсен Жақанбаев – Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы;

· Әбілқайыр Әскеев – Үкімет Аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

· Әсет Тәукенов – Үкімет Аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

· Расул Тынысбаев – Үкімет Аппараты бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

· Мақсат Елемесов – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары;

· Қанат Қабылбеков – Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары;

· Надир Құрымбаев – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары;

· Айгүл Гендашева – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;

· Дәурен Мергенбаев – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі;

· Елдос Бертісов – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;

· Жадыра Дәулетханова – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;

· Ақылбек Жақсымбеков – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;

· Айдос Несіпов – Үкімет Аппаратының бас инспекторы;

· Сатыбалды Мұқанов – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ аппарат басшысы;

· Майра Нұртазина – Үкімет Аппаратының бас консультанты;

· Мұрат Сабыр – «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті» Жоғары кәсіби білім беру мекемесінің бөлім басшысы;

· Мұстафа Шыңғысбаев - «KEGOC» АҚ «Оңтүстік Жүйеаралық электр тораптары» филиалы Механикаландыру және көлік цехының автокөлік кранының машинисі;

· Балтабай Ибрагимов – «Қызылкұм» ЖШС «Хорасан-1» кеніші Өнімді ерітінділер өңдеу учаскесінің 4 дәрежелі сұйық реагенттер қоймасының операторы;

· Тілекқабыл Медеуов – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» жолаушылар тасымалы өңірлік филиалы Атырау учаскесінің жолаушылар вагонының жолсерігі.

Премьер министр
Фото: Үкімет

«Шапағат» медалімен 

· Зүлфия Сағадиева – Абай облысы Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының қарқынды терапия блогі меңгерушісі.

Премьер министр
Фото: Үкімет

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағымен

· Жұлдыз Данбаева – Астана қаласы әкімдігінің «№3 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК директоры.

Премьер министр
Фото: Үкімет

«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен

· Мария Сандыбаева – Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі.

Соңғы жаңалықтар