Республикада дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 4,7 млрд. теңге қарастырылған

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - 2014 жылға арналған бюджеттің жобасында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 4,7 млрд. теңге көзделген.
None
None

Аталған кешендер 70 пайыз республикалық бюджеттен, 30 пайыз жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде өткен қоғамдық кеңес отырысында ведомство басшысы Ерлан Қожағапанов айтты.

Оның мәліметінше, бүгінгі таңда республика бойынша спорттық кешендерге деген жалпы қажеттілік 1 млн.-нан астам шаршы метрді құрайды. Ал қазіргі бары 587 шаршы метр, яғни 44 пайыз ғана. Сонда қазіргі тапшылық 747 мың шаршы метрді құрап отыр.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға кәсіби спорт резервін даярлау үшін, жалпы білім беру мектептерінде дене шынықтыру сабақтарын өткізу және жалпы халықтың сауығуы үшін пайдаланылатын дене шынықтыру - сауықтыру кешендерін салу міндетін қойды. Біздің мақсатымыз - Президенттің тапсырмасын орындау», - деп атап өтті Е. Қожағапанов.

Соңғы жаңалықтар