Республикада мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары 38 қала сыртындағы лагерьді пайдалануға рұқсат берген жоқ

Бұл туралы бүгін бірінші жарты жылдықтың қорытындысы шығарылған ҚР санитарлық эпидемиологиялық қызметінің алқасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз баянында атап өтілгендей, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Сауықтыру ұйымдарының даярлығы байқауын өткізу туралы» 2009 жылғы мамырдағы қаулысына сәйкес қала сыртындағы және мектептер жанындағы сауықтыру ұйымдарының жазғы демалыс кезіндегі жұмысқа даярлығы тексерілді. Байқауда 231 қала сыртындағы сауықтыру ұйымы қамтылды, оның 193-і (83,5 пайызы) пайдалануға қабылданды. «Күрделі жөндеу жүргізу қажеттігіне байланысты» 38 қала сыртындағы лагерьді пайдалануға рұқсат берілген жоқ.