Республикада орын алған жол-көлік оқиғаларынан 6 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, елорданың «Алматы» ауданында Астана-Павлодар автожолының 12-ші шақырымында «Хонда» мен «Мерседес» көліктері соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан «Мерседес» көлігіндегі 3 жолаушы, олардың арасында 6 жастағы бала да бар, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Ал бейсенбі күні кешкісін Алматының Сейфуллин мен Қабанбай көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысқан. Жол-көлік апатынан «Мерседес» көлігінің жүргізушісі мен оның қасындағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Екінші көліктің иесінің оқиға орнынан бой тасалауына байланысты оған қатысты ешқандай мәлімет жоқ. Осы қаланың Сүйінбай мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында «Хонда» мен «Фольксваген» көліктерінің соқтығысуынан 1 адам қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілген.