Республикадағы инфекциялық және паразитарлық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда - Денсаулық сақтау министрлігі

АСТАНА.  Қыркүйектің  4-і.  ҚазАқпарат  - Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің кезекті алқа отырысы өтті.
None
None

Алқа отырысына республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары қатысты. Алқа отырысында ағымдағы жылдың өткен кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мәселелері қаралды.

2009 жылғы 7 ай қорытындысы бойынша жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай бір қалыпты. 6 нозология бойынша (оба, тырысқақ, туляремия, дифтерия, қызылша, полиомиелит) ауру тіркелген жоқ. 19 нозология бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштері төмендеген. 4 нозология бойынша (іш сүзегі, паратиф, безгек, лептоспироз) біршама аурулар тіркелген. Ротавирусты энтеритпен сырқаттанушылық 63,3 пайызға, эхинококкоз 17,1 пайызға, мерез 5,7 пайызға, қырым қанды безгегі және кене энцефалиті 8 жағдайға, көк жөтел, трихинеллез 3 жағдайға, лептоспирозбен сырқаттанушылық 2 жағдайға өскені анықталды.

 2009 жылғы сәуір-тамыз аралығы кезеңінде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары халықтарының арасында Қырым-Конго безгегінің 22 жағдайы тіркелген.

Ағымдағы жылы республика халқы арасында АH1N1 тұмауымен 17 адам сырттан жұқтыруы тіркелген. Қабылданған жедел және шұғыл шаралар нәтижесінде барлық сырқаттар уақтылы анықталды және қажетті емдерін алды. Мектептерде оқушылар арасында маусымдық және пандемиялық тұмаудың әкелінуі мен таралуын болдырмау бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

ҚР Премьер-Министрінің 2009 жылғы тамыздың 19-ындағы № 120-Р өкіміне сәйкес Тұмау пандемиясына қарсы іс-қимылдар жөніндегі ұлттық жоспар қабылданды. Ол барлық мүдделі мемлекет органдарын қатыстыра отырып, тұмау пандемиясына қарсы іс-қимылдардың 5 бағыты бойынша 163 іс-шараны көздейді. 2009 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жалпы білім беру мекемелерінің жаңа 2009-2010 оқу жылына дайындығын қарау жүргізілді.

Республиканың 7796 мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізілген, апаттық жағдайдағы 118 жалпы білім беру мекемелері анықталды, 25 медициналық пункт қалпына келтірілді, мектептердің 70 пайызында ыстық тамақты ұйымдастыру, мектептердің 15,3 пайызында буфет өнімдерін сату жоспарланған.

 Республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысы ағымдағы жылдың соңына дейін тұмау ауруы және басқа да жұқпалы аурулар бойынша алдағы індеттік маусым кезеңінде алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар