Республикалық «Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады

АСТАНА. KAZINFORM – Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Хромтау-Ұлғайсын» жолы төрт жолақты болады. Қазір қайта құру жұмыстары басталып кетті.

жол
Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігі мәлім еткендей, бұл жол I техникалық санатқа ие болып, төрт жолақты жолға айналады. Құрылыс жұмыстары Ақтөбе өңірінің Хромтау ауданында жүріп жатыр. Жаңа төрт жолақты жол Хромтау қаласының қасында басталып, Ақжар ауылы мен Жазық бекеті арқылы өтеді. Бұл учаскеде 2 көпір мен 2 жол айрығы салынады. 

жол
Фото: Көлік министрлігі

Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары аясында құрылыс жұмыстарының барысын Көлік министрі Марат Қарабаев тексерді.

«Нысан басында 120 маман мен 100 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Құрылыс жұмыстары қарқынын арттыру мақсатымен тағы да қосымша мамандар мен арнайы техника жұмылдыру көзделді. Биыл мердігер ұйымдар барлық жер жұмысын аяқтап, сондай-ақ еріген қар суын өткізуге мүмкіндік беретін су өткізгіш құбырларды салады»,- деп айтты Марат Қарабаев.

Соңғы жаңалықтар