Республикалық жолдарда ауқымды жөндеу жүріп жатыр: биыл 124 нысан қамтылды

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы жол-құрылыс маусымы басталғалы бері Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

жол жөндеу
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Биылғы маусымның басты ерекшелігі - жол төсемінің негізінен бастап үстіңгі қабатына дейінгі конструктивті қабаттарды кезең-кезеңімен төсеуге баса мəн берілуінде. Бұл болашақ автожолдардың сапасы мен ұзақ жылдар бойы шыдас беруінің басты кепілі болмақ.

-2026 жылы күрделі жөндеу аясында 25 нысан бойынша жалпы 321 км автомобиль жолдары қамтылды, олардың 19-ы өткен жылдан өтпелі, ал 6-уы жаңа нысандар болып табылады. Маусым басынан бері негізгі жұмыстар жол жамылғысының конструктивтік қабаттарын салуға шоғырланған. Жоспарланып, орындалған жұмыстар аясында 231 км-де негіздің төменгі қабаты, 190 км-де негіздің жоғарғы қабаты, 230 км-де жабынның төменгі қабаты және 78 км-де жабынның жоғарғы қабаты салу жұмыстары атқарылып жатыр, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар биыл 124 нысан құрамында 69 өтпелі және 55 жаңа учаскені қамтитын жалпы 3,7 мың км автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар шеңберінде де негізгі көлем жол жамылғысының конструктивтік қабаттарын салуға тиесілі: маусым басынан бері жоспарланып, негіз қабатын салу жұмыстары жүргізілу үстінде — 1,1 мың км-де, жабынның төменгі қабаты — 1,8 мың км-де, ал жабынның жоғарғы қабаты — 2,4 мың км-де орындалды.

Осыған дейін Астана әуежайы аумағында жол жөндеу жұмыстары басталғаны туралы жаздық.