Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында дәл осы сағатта көлік қозғалысына шектеу жоқ - ККМ
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 31 қаңтарда сағат 12.15-тен бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Қалжыр - Теректі» автожолының бұдан бұрын жабық деп жарияланған «Боран - Теректі» учаскесінде (83-168 км) көліктерге жол жүруге рұқсат етілді.
Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дәл осы сағатта республикалық маңызы бар автомобиль жолдардың барлығы көлік қозғалысы үшін ашық.