Республикалық пенитенциарлық жүйенің барлық мекемелерінде сотталғандар арасында жазғы спартакиада өткізілуде
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Республикалық пенитенциарлық жүйенің барлық мекемелерінде сотталғандар арасында жазғы спартакиада өткізілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сотталғандар үшін жазғы спартакиада ашылуының салтанатты шарасына түрлі ҮЕҰ мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, діни конфессиялар мен жергілікті атқарушы органдардың дене шынықтыру және спорт басқармаларының қызметкерлері қатысады.
ҚР Әділет министрлігінің ҚАЖ Комитетінен хабарлағанындай, сотталғандар үшін жазғы спартакиада жыл сайын өткізілмек. Мәдени-бұқаралық шараның негізгі мақсаты - сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жақсы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру, сондай-ақ жазасын өтеушілердің тұрмысына дене шынықтыру мен спортты күнделікті енгізу.
Спартакиадаға жасалған бағдарламаға сәйкес, жарыстар негізінен командалық спорт түрлері бойынша өтеді: футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика және кір тасын көтеру және т.б. Жарыстың жалпы қорытындысы тамыз айында шығарылып, оның жеңімпаздары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.