Республикалық «Жасөспірім» алдын алу шарасы барысында Ақмола облысында 330 жеткіншек жауапкершілікке тартылды
Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алуға, заңға қайшы әрекетке баратын ұйымдасқан топты әшкерелеуге, кәмелетке жасы толмаған балалар арасында ішімдікке және темекі шегуге әуестенудің жолын кесуге бағытталған шараға мыңға тарта тәртіп сақшылары, 20 прокуратура қызметкері, білім жүйесінен - 126, денсаулық саласынан - 36, «Нұр Отан» ХДП-дан 27 өкіл қатыстырылған. Іс-шара барысында 150 жасөспірім, оның ішінде 123-і спирттік ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Сонымен бірге жастарды ішкілікке баулығаны, оларға ішімдік пен темекі сатқаны үшін 179 ересек тұлға, түн мезгілінде ойын-сауық кешендеріне барған 33 жеткіншек әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның сыртында 19 жасөспірім есепке қойылды. Кәмелетке толмаған 117 бала, оның ішінде сабақтан бой тасалаған - 78, ішкілік ішкен - 20,есірткі қолданған - 4, жайсыз отбасынан 93 жеткіншек есептік бақылауға алынды.