Республиканың басым аймақтарында аяз буып тұр

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат - Қазақстанға күшті әрі суық антициклондардың ықпалы жалғасып отырғандықтан бейсенбі, қаңтардың 21-і күні елдің басым аймақтарында суық ауа райы сақталады,

Республиканың басым аймақтарында аяз буып тұр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидрометтің» болжамдарына сәйкес, бүгін Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде.

Түнде Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түсіп, шығыстан 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, таулы аумақтарда оның екпіні 27 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.

Маңғыстау және Қызылорда облыстарының кей аудандарында 15-22 м/с жылдамдықта, Атырау облысында 15-20 м/с екпінмен жел соғады.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман болады, Жалаңашкөл аумағында 20-25, кей уақыттары 30 м/с жылдамдықта күшті жел тұрады.