08:25, 10 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Республиканың солтүстігі мен орталығында 30 градустық аяздар күтіледі
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бұрын хабарланғандай, 10-14 желтоқсан арасында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында, 11-14 желтоқсан күндері Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, түнде ол 25-30 градустан 30-35 градусқа дейін, кейбір жерлерде 40 градус аязға дейін төмендесе, күндіз 15-20 градустан кейбір жерлерде 25 градус аяздан 23-28, кейбір жерлерде 33 градусқа дейін суытады.