Республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында күн суытады - ТЖМ

АСТАНА.  Желтоқсанның  3-і. ҚазАқпарат - Бүгін,  бейсенбі күні  республиканың  солтүстігінде, солтүстік-шығысы  мен   шығыс   аймақтарында күн  суытады -  Батыс Сібір  аудандарынан  суық  ауа  ағыны жетеді, 
None
None

 деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

 Солтүстік Қазақстанда,  Ақмола  облысында  кей  жерлерде    көктайғақ  болады,    желдің  екпіні  15-22 метр-секундқа дейін    күшейеді.

 Қостанай  облысында    боран,  көктайғақ болады,  желдің екпіні 15-20 метр/секундқа жетуі  ықтимал.  Ал Шығыс Қазақстан облысының  кей  жерлерінде желдің екпіні 17-22 метр/секундқа  жетеді.

 Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,  Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды  облыстарында,    түнде Маңғыстау  және  Атырау  облыстарында      тұман  түседі,    көктайғақ  болады.

 Түнде   Батыс  Қазақстан облысының  кей  жерлерінде тұман  болады.

Соңғы жаңалықтар