Республиканың суарылмайтын егістік жеріндегі қарашірігі төмен жерлер 63,5, ал суармалы егістіктерінде 98,7 пайызды құрайды - Ө.Өзбеков

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Республиканың суарылмайтын егістік жеріндегі қарашірігі төмен жерлер 63,5 пайызды,

Республиканың суарылмайтын егістік жеріндегі қарашірігі төмен жерлер 63,5, ал суармалы егістіктерінде 98,7 пайызды құрайды - Ө.Өзбеков

ал суармалы егістіктерінде 98,7 пайызды құрайды. Бұл туралы бүгін Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу барысында айтты.

Агенттік төрағасының айтуынша, өткн жылы жер кадастры талаптарына сәйкес жер ресурстарының сапалық жай-күйін анықтау мақсатында 1,2 миллион гектар топырақты зерттеу және топырақ бонитировкасын анықтау, 850 мың гектарға геоботаникалық зерттеу жұмыстары жүрігізілді. Жалпы алғанда қазіргі кезде әр жылдары жүргізілген аумағы 187 миллион гектар жерлердің топырағын зерттеу жұмыстарының және 153 миллион гектар аумақтағы мал азығы алқаптарына геоботаникалық зерттеу материалдары бар.

«Алайда материалдардың ескіруіне байланысты тиісінше 66,1 миллион және 42 миллион гектар алқап жаңа зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Сонымен бірге өткен жылы 1 миллион гектар егісті алқапқа агрохимиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді», - деді Ө.Өзбеков.

Бұл ретте назар аударатын мәселе 2000-2010 жылдары 17,7 миллион гектар егістік алқаптарында жүрігізілген агрохимиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша республиканың суарылмайтын егістік жеріндегі қарашірігі төмен жерлер 63,5 пайызды, ал суармалы егістіктер бойынша 98,7 пайызды құрады.

Оның пайымдауынша, топырақ құнарлығының төмендеуіне табиғи факторлардан бөлек минералдық және органикалық тыңайтқыштардың қолданылмауы, агротехникалық талаптардың сақталмауы және де ғылыми негізделген ауыспалы егіс жүйелерінің болмауы да басты себеп болып отыр. Мәселен, 1990 жылы 1 гектар егістік алқапта берілген тыңайтқыштар 19,1 келіні, 2000 жылы 0,7 келіні, ал 2010 жылы 4,14 келіні құрады.