Рэй Манчини: «Головкин - Альварес жекпе-жегі бокс әлеміндегі ерекше оқиға болар еді»

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулының бұрынғы иегері америкалық Рэй Манчини WBA/IBO тұжырымындағы орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің шеберлігіне тәнті.
None
None

Манчинидің пікірінше, бүгінде қазақстандық саңлақ әлемдегі ең үздік боксшы болып табылады, деп хабарлады Sports.kz.

- Қазір әлемдегі ең үздік боксшы, сөзсіз, Геннадий Головкин. Ол қарсыластарын ойсырата жеңіп келеді. Маған бұл спортшыда ұнайтыны, Флойда Мейвезерден бастап Андре Уордқа дейін, соның ішінде Мигель Котто мен Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырғанымен, аталған боксшылардың бірі де оның ұсынысын қабылдауға бел буа алмай отыр, бұл әрине, таң қалдырмай қоймайды.

Альварес - Головкин кезесуі бокстағы ең маңызды жекпе-жек болар еді. Жұрт:«Егер Мейвезер Геннадиймен жұдырықтасса, не болар еді?», - дейді. Флойд Головкиннің жанына да жолай алмайды. Бұл әрекет ол үшін тіпті ақымақтық болар еді», - деді Манчини On The Ropes радиосының тікелей эфирінде.

Соңғы жаңалықтар