Рейд: Алматыда нөмірсіз жүрген 70-тен астам жүргізуші жазаланды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр.

патрульная полиция патрульдік полиция
Фото: Мақсат Шагырбаев/ Kazinform

Оның нәтижесінде 70-тен астам жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарғаны үшін жазаланды. Олардың жартысынан көбі - мопед жүргізушілері.

Жалпы «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы басталғалы 285 жүргізуші - маневр жасау ережесін бұзғаны үшін, 119 - апаттық жағдай туғызғаны үшін, 29 - бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені үшін, 11 - қарама-қарсы жолаққа шыққаны үшін, 35 - көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарғаны үшін жауапқа тартылды.

- Жол қауіпсіздігі – әр қатысушының ортақ жауапкершілігінің нәтижесі. Полиция қызметкерлері көшелерде қайғылы оқиғалардың аз болуы үшін тәулік бойы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, - деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жол ережесін бұзған танымал блогер жазаланғанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар