Рейдтің арқасында 1 млн. теңге қарыз өтелді - Өскемен

ӨСКЕМЕН. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Өскемендік жылу жүйелерінің энергетиктері сот актілерін орындау департаментінің бастауымен өткізілген рейдтің қорытындысын шығарды.

Рейдтің арқасында  1 млн. теңге қарыз өтелді - Өскемен

 Бірлесіп өткізген 2 күндік шараның арқасында 36 тұлға жылумен қамтамасыз ету мекемесіне 1 млн. теңге көлемінде қарыздарын өтеді.

 Рейдтің екі күнінде ұйымдастырушылар 213 адамға барды. Олардың жалпы қарызы 24 млн. теңгені құраған еді. Рейдтен кейін 36 адам қарызын өтеді, 18 адам қарыздың мерзімін ұзарту бойынша келісімшарт жасасты.

  Өскемен қаласының жылумен қамтамасыз ету мекемесі қарызды өтеу бойынша рейдтің ұйымдастырушыларын - сот актілерін орындау департаментіне алғысын білдіріп, ынтымақтастық жасауға дайын екендіктерін атап өтті.