Рейтингі бойынша БҚО-да Тасқала ауданы көш бастап тұр

ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Аудандар мен қалалардың 2010 жылдың үшінші тоқсанындағы даму көрсеткіші бойынша БҚО-да Тасқала ауданы бірінші орынға шығып, көш бастап тұр.

Рейтингі бойынша БҚО-да Тасқала ауданы көш бастап тұр

Аудан әкімі аппаратының басшысы Жәрдемғали Балықовтың хабарлағанындай, республикада Тасқала ауданы жетінші орынды иеленіп отыр. Мұнда жыл басынан бергі бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы, адам басына шаққандағы шығын, бюджеттің өзіндік табысының өсімі, инвестиция көлемі, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері, құрылыс, белсенді шағын бизнес үлесі, ақшалай табыс, жалақы, еңбекақы қарызының өзгеруі, жұмыссыздық деңгейі және басқа көрсеткіштер есепке алынған.