Режиссер Джеймс Кэмерон «Аватар» фильмі үшін «Алтын глобус» сыйлығын алды
АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Джеймс Кэмерон үздік режиссер ретінде «Аватар» фильмі үшін «Алтын глобус» сыйлығын алды.
«Аватар» фильмі сонымен қатар, жылдың үздік драмасы аталды, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«Алтын глобусқа» төрт номинация бойынша ұсынылған «Аватар» фильмінің оқиғасы Пандора деп аталатын ғаламшарда өтеді және ол ресурстар үшін өркениеттер соғысын бейнелейді.
Фильмнің бюджеті 237 миллион долларды құраса, кассалық жинақ 1,6 миллиард доллардан асып түскен.
Үздік режиссер атағы үшін Кэтрин Бигелоу, Клинт Иствуд, Квентин Тарантино және Джейсон Рейтман сынды атақты режиссерлер таласқанын айта кету керек.