Режиссер Талғат Жәнібековті екі айға қамауға алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Режиссер Талғат Жәнібековті қамауда ұстау туралы сот санкциясы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Режиссер Талғат Жәнібековті екі айға қамауға алды

«Сот Талғат Жәнібековке қатысты екі айға, 28-ші ақпанға дейін қамауда ұстауға қаулы шығарды. Қамау мерзімі ұсталған күннен басталады. Жәнібековке қатысты ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылып отыр. Нақтылап айтқанда, оған «Феникс» киножобасы бойынша бюджет қаржысын жымқырды деген күдік келтірілген», - деп хабарлады соттан.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібековтің адвокаты жемқорлықққа қарсы қызмет оны тұтқындағанын хабарлаған болатын.