22:14, 08 Желтоқсан 2014 | GMT +5
РФ-ның Варшавадағы Елшілігі маңынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі снаряд табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Варшавадағы Ресей Елшілігінің жанында Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы снаряд табылды.
Соғыс кезінде жарылмай қалған снаряд Бельведерская көшесінің ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде табылды, деп хабарлайды РИА Новости. Полиция «Мокотув» ауданын қоршауға алып, саперлер тобын шақыртқан.