21:06, 27 Тамыз 2017 | GMT +5
РФ Орталық мұрағаты ҰОС уақытындағы құпия құжаттарды жария етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі барлық дерлік құпия істерді жария етті. Құпия ретінде 10 млн құжаттың 2 мыңға жуығы ғана қалып отыр. Бұл туралы мұрағаттың бас құжаттанушысы Виктория Каяева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Орталық мұрағат құпия құжаттарды жария ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні «құпия» таңбасы бар істер көп қалмады - 2 мыңнан сәл астам», - деді Каяева.
Оның атап өтуінше, мұрағатта Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі 10 млн.-ға жуық іс сақтаулы. Бастапқыда олардың барлығында «құпия» таңбасы болған. «Бұл, құжаттарда қандай ақпараттың болғанына қарамастан, оларды сақтап қалу мақсатында жасалды», - деп нақтылады ол.
Сондай-ақ мәлім болғандай, мұрағат қоғамға қызықты деген жекелеген құжаттарды өз бетімен жариялай алмайды. Олар бойынша шешімді Орталық сарапшылар комиссиясы қабылдауы тиіс.