РФ президенті: Қырғызстанда екінші Ауғанстан пайда болуы мүмкін

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Вашингтондағы Брукинг институтында саяси және бизнес зиялыларымен кездесуде сөйлеген Ресей президенті Дмитрий Медведев, «Қырғызстанда азаматтық соғысқа жол беруге болмайды, әйтпесе онда екінші Ауғанстан пайда болуы ықтимал»,

РФ президенті: Қырғызстанда екінші Ауғанстан пайда болуы мүмкін

деп мәлімдеді, дейді РБК хабарламасында.

Президенттің айтуынша, Қырғызстанның солтүстік пен оңтүстікке бөліну қаупі әбден мүмкін, дәл қазір ең бастысы - республикада азамат соғысына жол бермеу, егер бұл басталар болса, мұндай кеңістікке «неше түрлі лаңкестер мен экстремистер тарпа бас салады».

«Онда Қырғызстанның орнында екінші Ауғанстан пайда болуы ықтимал. Біздің міндетіміз - қырғыздық әріптестерімізге жағдайдан шығудың ең жайлы жолын табуға көмектесу», - деп есептейді ресейлік басшы.

«Қырғызстан тағы бір кезек заңсыз даму кезеңінен өтуде, өкінішке орай, бұған жауапкершілікті қоғамды біріктіру үшін тиісті күш-жігер жұмсамаған, оппозициямен келісімге келе алмаған, экономикалық істерді жүзеге асыра алмаған Қырғызстанның өз билігі мойындарына алуы тиіс», - деді Д. Медведев. Ол, Қырғызстанның бұрынғы президентіАсқар Ақаевты да «оппозиция тағынан тайдырғандығын» еске салып өтті.