РФ рыногы төмендеуде

АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгіндері Ресейдің қор биржаларында жетекші индекстердің төмендеп бара жатқандығы байқалады. Егер де сауда 1% көлеміндегі шағын түзетулермен басталған болса, қазіргі уақытта индикаторлар 2%-дан артық төмендеп барады. Ал, жекелеген бірқатар көгілдір фишкалардың бағамының құлауы 4%-дық көрсеткіштен де асып түсті, деп хабарлайды РБК.
None
None

Ресей рыногындағы инвесторлар бірінші кезекте мұнай бағасы жөніндегі болжамдарға көңіл аударды. Мәскеудегі "Ренессанс Капитал" конференциясында сөйлеген Қаржы министрі А.Кудрин, алдағы үш жыл көлемінде мұнайдың бір баррелі 60 долларға дейін арзандайды деген болжам айтты. Мұнай бағасы осы деңгейде кем дегенде жарты жылдай тұрады, деп атап өткен қаржы министрі «біздің экономикамыздың тәуекелділігінің ескерілуі» қажет екендігін айтты. Әрине, осыншалықты түңіліп айтылған болжамға ресей рыногының акциясы көңіл бөлмей қалған жоқ. Қазір барлық дерлік мұнай өндіретін компаниялардың бағамы минуста қалып отыр, олар: «Ресеймұнайдың» қағазы 3,12%, «Газпром мұнай» 3,53%, ал «Татмұнайь» бағамы 2,23%-ға кеміді.

Соңғы жаңалықтар