14:38, 10 Мамыр 2017 | GMT +5
Риддер-Сокольный кен орны карьерінің жиегін су шайып кетті - тұрғындар көшірілуде
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Риддерде арты жылбысқы қарға ұласқан жауын-шашын салдарынан карьердегі тау жыныстары опырылып құлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі БАҚ-қа таратылған ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
6 мамыр күні түстен кейін табиғи су ағыны салдарынан «Қазмырыш» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешені Риддер-Сокольный кен орнының Андреевский карьерінің солтүстік-батыс жиегін су шайды.
Карьер тау-кен байыту кешенінің технологиялық аумағында орналасқан. 350 метр жерде орналасқан үш үйдің тұрғындары қауіпсіздік тұрғысында «Қазмырыш» профилакторийіне көшіріле бастады. Олар барлық қажетті керек-жарақпен қамтылды. Ал үйлері мамандандырылған мердігерлік ұйымның қорғауына алынды. Су деңгейі бақылануда. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазір оқиға орнында арнайы апаттық топтар жұмыс істеуде. Карьерге жақын жерде энергоцех пен талдау зертханасының бөлімшесі бар, қауіпсіздік мақсатында бұл нысандардың жұмысы тоқтатылды.