Риддер жылу орталығының қысқа дайындығы қалай

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында қысқа дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. 

Риддер жылу орталығының қысқа дайындығы қалай
Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметінен

2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық шеңберінде Риддер ЖЭО-да негізгі және қосалқы жабдықтарды, жылу желілерін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Бас инженер Кирилл Голотаның айтуынша, қазіргі уақытта бірқатар қазандық агрегатында негізгі жөндеу жұмыстары аяқталып, оларды іске қосуға дайындық басталып кетті. 

«№3 және №6 қазандық агрегаттары бойынша дайындық 97% құрайды. Олар 20 қыркүйекте іске қосылады деп жоспарланған. Белгіленген мерзімнен ертерек қосылуы да мүмкін», - дейді ол. 

Риддер жылу орталығының қысқа дайындығы қалай
Фото: ШҚО әкімдігі

Кәсіпорынға жабдықтар жоспар бойынша жеткізіледі. 20 қыркүйекке дейін қала тұрғындары ыстық сумен қамтамасыз етілмек. 

Айта кетейік, ЖЭО-да жөндеулермен қатар жылу желілерін қайта құру бойынша жұмыстар атқарылуда. Барлық негізгі жұмыстар аяқталу сатысында. 

Еске салсақ, осыған дейін Риддер ЖЭО жұмысшыларына уақтылы жалақы төленбегені үшін кінәлілер жазаланғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум