Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Риддерде 4 мыңнан астам көшет отырғызылды - ШҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғындары 48 га жерді тазалап, 4 мыңнан астам көшет отырғызды, деп жазады strategy2050.kz сайты ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Риддерде 4 мыңнан астам көшет отырғызылды - ШҚО

«Мыңға жуық риддерліктер, оның ішінде студенттер, кәсіпорын қызметкерлері, оқушылар мен қоғамдық ұйым өкілдері жалпықалалық «Жалпықазақстандық ағаш отырғызу күні» сенбілігіне шықты.

Акция барысында 4 мыңнан астам көшет отырғызылды. Олар: алма ағашы, терек, қайың, шырша. Жалпы, көліктің 15 техника бірлігі мен қоқыс шығаратын машина жұмылдырылды», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетерлігі, әлеуметтік сала мекемелері ведомство астындағы аймақтарда жұмыс істеді. Балабақаша алаңында балалар мен ата-аналар тазалық шарасын жүргізді. Оқушылар мен студенттер нысандар қасында жасыл желек отырғызды, яғни қоғамдық жерлерде: Жеңіс паркі, интернационалистер паркі тазаланды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері аулаларды қалпына келтірді.

Ерекше назар ескерткіш маңайына аударылды. Ауған әскери саябағында жастарды қолдау орталығының мүшелері белсенділер жұмыс істеп, көркіне әкелді.