Риддерде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Риддерде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

Төтенше жағдай сейсенбі күні тұрғын үйде болды, жалын аумағы 40 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау екі сағаттан кейін ауыздықталды.

«Өрт болған жерден 48 жастағы әйел мен 29 жастағы ер адамның денелері табылды», - делінген ақпаратта.

Өрт ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 8 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.