Риддерде қазақстандық спортшылардың Сочидағы қысқы олимпиадаға дайындық мәселесі талқыланды
Отырыста ұсыныстар аз айтылған жоқ. Шаңғы жарысы бойынша ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы және атақты шаңғышы Алексей Полтораниннің жеке жаттықтырушысы Алексей Наконечный жүгіруге арналған шаңғыларды дайындауға мамандандырылатын сервисшілерді міндетті түрде көбейтудің аса қажеттілігін айтқан. Сервисшілер және бұйым мәселесінің өзектілігін басқа да қысқы ойын түрлеріне жаттықтырушылар мойындады. Сноубордшы Валерия Цойдың жаттықтырушысы Лев Цой, сонымен қатар, басты мәселелер қатарына киім әбзел мәселесін де қойды.
Көшпелі отырыс Агенттіктің 22-ші қысқы олимпиада ойындарына делегацияны қалыптастыру жөніндегі түбегейлі ұстанымын жариялаумен аяқталды. Басымдық болашағы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға, қызмет көрсетуші персоналға беріледі.