Риддерде орманда адасып кеткен 71 жастағы әжені іздеуге тікұшақ тартылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында орманда адасқан әже аман-есен табылды.

 Риддерде орманда адасып кеткен 71 жастағы әжені іздеуге тікұшақ тартылды
Фото: ШҚО ТЖД

Риддер қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы таулы жерлердегі орман алқабында 71 жастағы қарт әйел адасып кеткен. 

Белгілі болғандай, ол шөп жинау үшін орманға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. Тәулік бойы зейнеткермен байланыс орнату мүмкін болмаған. Құтқарушыларға хабар түсе салысымен олар іздеуге кірісті. Жетуі қиын, таулы әрі қалың ағашты жер іздеу жұмыстарын қиындата түсті.

- Бірден ауқымды іздестіру-құтқару операциясы қолға алынды. Аумақты әуеден тексеру үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылды. Сондай-ақ жерасты құтқару топтары да жұмылдырылды. Әуеден барлау барысында жоғалған адам орман алқабының арасындағы ашық аумақтан табылды. Құтқарушылар оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде бір апта бұрын із-түзсіз кеткен дәрігердің денесі табылғаны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар