Риддерде орманға баруға тыйым салынды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында орманға баруға тыйым салынды.
Тыйым жоғары өрт қаупіне байланысты енгізіліп отыр.
- Риддер қаласының орман алқаптарында ауа райы жағдайына байланысты өрт қаупінің жоғары IV класы белгіленді. Осыған байланысты орманға баруға тыйым салынады. Тыйым мол жауын-шашын түскенге дейін өз күшінде болады, - деп хабарлады «Риддер орман шаруашылығы» КММ өкілдері.
Белгіленген талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 10 АЕК-ті (43 250 теңге) құрайды.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында екі қазандық жөнделіп жатқаны хабарланған.