Риддердегі карьерді су басып қалу қаупі төніп тұр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Қазмырыш» мамандары компанияның Риддер тау-кен байыту кешеніне тиесілі Риддер-Сокольный кен орнындағы Андреевский карьерінің солтүстік-батыс жиегін су шайып кетпеу үшін алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. 6 мамырда су тасқыны салдарынан аталмыш карьердің қабырғасы опырылып, су араласқан тау жыныстары құлаған болатын. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бұдан бұрын хабарланғандай, қауіпсіздік мақсатында «Қазмырыш» компаниясы су шайып кетуі мүмкін жерлерді сатып алып, осы аумақта орналасқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірген болатын. Қазіргі таңда Риддердегі жұмыс тәулік бойы үздіксіз жүргізілуде.

«Қазмырыш» мамандарының айтуынша, қазіргі таңда апат болған аумақтағы жағдай жақсарып келеді. Кәсіпорын мамандары суды айдау жұмыстарын күшейтуде. Бұл - табиғи апатты толық жоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кеніш ауданында бірнеше тұрғын үй орналасқан. Карьердің кеңейтілуіне байланысты ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін және қажетті құбыр жүйесін тарту үшін қосымша алаң қажет. Сондай-ақ, аталмыш компания карьер бортының одан әрі жылжуын есепке ала отырып, жақын маңда орналасқан 5 тұрғын үйдің жер учаскесін сатып алды.

Қазіргі таңда тағы үш үйді сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Компания тұрғындарға жаңа үйді сатып алып бергенге дейін оларды профилакторияға орналастырды. Үй иелеріне төленген өтемақының мөлшері олардың баспаналарының нарықтағы құнынан жоғары екендігін айта кетейік. 

Соңғы жаңалықтар