Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Рим 2024 жылғы Олимпиаданы өткізуге өтінім берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим қаласының билігі Халықаралық Олимпиада комитетіне 2024 жылы Жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім берді. Құжатқа қала басшылығы мен Италияның НОК-ы қол қойған, деп хабарлайды итальяндық БАҚ.

Рим 2024 жылғы Олимпиаданы  өткізуге өтінім берді

Бұған дейін Ойындарды өткізу өтінімдерін немістің Гамбургы, Францияның Парижі, Американың Лос-Анджелесі және Венгрияның Будапешт қаласы берген.

Үміткер қалалардың соңғы тізімін ХОК биылғы жылдың 15 қыркүйегінде жариялайды, ал Ойындардың астанасы 2017 жылы таңдалады.

Қосып өтейік, бұған дейін Рим 2020 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер қала болған. Алайда өтінім дауыс беруге дейін бір жыл қалғанда елде орын алған қаржылық дағдарыстан қайта шақырылды, деп хабарлайды vesti.kz. Фото: с сайта theperegrineblog.com