Рим Папасы Бенедикт XVI месса кезінде мызғып кетті
АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат - Рим Папасы Бенедикт XVI месса кезінде мызғып кетті. Британдық "Mirror" газетінің сайты, 83 жастағы понтификтің Мальтада жексенбілік қызметте шамалы уақытқа мызғып кеткенін хабарлайды. Бұл кезде Рип Папасы екі епископтың ортасында болғандықтан, ешқандай оқиға болмаған.
Басылымның дерегі бойынша, Бенедикт XVI Мальтаға сапармен барған.