Рим Папасы: Қазақстан - бір-бірінен алшақ орналасқандардың басын қосатын маңызды мекен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Рим Папасы Франциск адами қарым-қатынасты басшылыққа ала отырып, маңызды кездесулер ұйымдастырып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рим Папасы: Қазақстан  -  бір-бірінен алшақ орналасқандардың басын қосатын маңызды мекен
«Біз ғасырлар бойы үлкен керуендер өткен жерде тұрмыз. Бұл жерлерде Жібек жолының арқасында көптеген хикаялар, идеялар, нанымдар тоғысқан», – деді Рим Папасы.

Осы орайда ол Қазақстанға арнап өз тілегін айтты.

«Қазақстан тағы да бір-бірінен алшақ орналасқандардың басын қосатын, татуластыратын мекенге айналсын. Қазақ жері адами қарым-қатынасты басшылыққа ала отырып, маңызды кездесулер үшін жаңа жолдар ашыла берсін. Бұл тұрғыда өзара сыйластық пен шынайылыққа екпін қойылған», - деді Понтифик.