18:09, 14 Ақпан 2013 | GMT +5
Рим Папасы XVI Бенедикт соңғы дұғасын оқыды
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Рим Папасы XVI Бенедикт католик шіркеуінің басшысы ретінде өзінің соңғы дұғасын оқыды.

Рәсім Римде әулие Петр шіркеуінде өтті. Рим Папасы қызметтен кету себебін денсаулығының сыр бергенімен түсіндірді. Салтанатты рәсімді көру үшін мыңдаған адам келді. Жиналған халық XVI Бенедиктті құрмет тұтып, оның алдында бас иді. Рим Папасы келген қонақтарды ыстық ықыласпен қарсы алып, шіркеуді айналып өтті. Ресми түрде XVI Бенедикт өз орнын 28 ақпанда босатады. Оған дейін понтифик халық алдына тағы бір мәрте шығатынын мәлім етті, деп хабарлады 24.kz.